Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі Уәлихан Қайсаровтың айтуынша билік оппозицияға додада әділ күрес жүргізуге мүмкіншілік бермей отыр:
- Ол тек қана «Нұр Отан» партиясының атынан ба, мемлекет тарапынан ба бізге кедергі жасау. Олар сол роликтен қорқып, сылтау жасады, сараптамаға жібереміз деп. Біздің ойымызша, бұл тек қана уақыт созу.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық даулармен айналысатын қоғамдық кеңес мүшелері болса роликтерде белгілі адамдарды көрсету үшін сол адамдардан жазбаша рұқсат алу керек, беті бүркемеленсе де Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің бейнесін тануға болады деген. Есімін жасырған мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы өкілінің айтуынша бұл мәселенің екі ұшы бар:
- Дегенменде кімнің кім екені анық байқалады. Оның үстіне Рахат Әлиевтің саяси сахнадағы жағдайы да белгілі. Сондықтан бұны екіұшты қарастыруға болады. Біріншіден, біздің мемлекет имиджі үшін беделімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Екіншіден, әлеуметтік теңсіздік араздықты тудырды деп жатыр. онымен мен келісе алмаймын. Ол барлық жерде бар жағдай. Біреулер Австрияда Вена сарайында вальс билеп жатса, екіншілері шахтада қара жұмыс істеп жатыр.
Орталық сайлау комиссия шешімімен партия роликтері бас прокуратураның сараптамасына берілді. Ал ол бітпейінше роликтердің интернет кеңістігіндегі көрсетілуі тоқталу керек деген нұсқау жасалды. Бас прокурордың орынбасары Асхат Даулбаевтың айтуынша, «егерде конституция немесе заңдармен тыйым салынатын элементтер табылса, мысалы, «БАҚ туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарға қайшы келсе, онда дереу шектеу қойылады».
Даулбаевтың айтуынша, ол әділет министрлігінен сараптаманы санаулы күндер ішінде өткізу үшін күш қосуды сұраған.
Осы отырса қаралған тағы бір мәселе - мемлекет берген кепілдік бойынша «Казахстанская правда» мемлекеттік газетінің бетінде 250 баспа жолы көлемінде партияларға насихат жасауға рұқсат етіледі. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай Бас прокурорға ресми шағым түсірген. Онда «Казахстанская правда» газетінің президенті Владимир Квятковскийді әкімшілік жазаға тартуын талап етеді. Жалпыұлттық социал демократиялық партия өкілі Уәлихан Қайсаровтың айтуынша бұл цензура:
- Олар оны мерзімінде баспай, екіншіден мақаланы қысқартып тастап басқан. Неге үйттіңдер деп едік бізге Квятковский айтты, мен бас прокурормен ауызша сөйлескенде дұрыс емес ойлар болмасын депті. Ол кімнің пікірінше дұрыс ойлар емес? Сондықтан бұл цензура.
Есімін жасырған мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы өкілінің айтуынша цензураның бар екендігі рас:
- Ойы дұрыс болмаған деген сылтау айтылды дедіғой, ол дұрыс емес. Ата заңымызда әркімнің ойына шектеу қойылмайды, әркімге өз ойын жеткізуге құқы бар деп ойлаймын.
Ал бас прокурордың орынбасары Асхат Даулбаевтың айтуынша сайлау жорамалын жасағанда заң бұзған «Жас алаш», «Свобода слова», «Время», «Тасжарған», «Алтын ғасыр» сияқты оппозициялық газеттерге ескерту жасалды. Орталық сайлау комиссияның мәліметінше насихат жалғасып жатыр. 31 шілдеге дейінгі ақпарат бойынша электронды үкіметтің веб-порталына партиялардың атына 400 сұрақ түсті. Енді 1 тамыздан бастап «Қазақ радиосының» эфирінде күндізгі сағат 12-ден бірге дейін партия өкілдері сұрақтарға жауап бере бастайды.