Өздерінде тұтқында отырған Оңтүстік Кореялық 21 тұтқынның орынына қамаудағы талибандықтарды босату жөніндегі Талибан талабын Ауған үкіметі қабылдамайды. Бұл талапты орындау- елде кісі ұрлау үдерісін одан әрі көбейтер еді, деді президент Хамид Қарзай өкілі. Осы тұтқындарды босатуға Ауғанстандағы талибандықтарды Хюман райтс воч хұқық қорғау ұйымы шақырды. Шілденің 19-да тұтқындалған Оңтүстік Кореялық 23 тұтқынның екеуін талибандықтар бұған дейін өлтірген болатын.