Accessibility links

Иран тегі күрд екі журналисті өлім жазасына кескенін нақтылап отыр


Иранның сот алқасы ирандық екі күрд журналистің өлім жазасына кесілгенін нақтылып отыр. Сот өкілі Алиреза Жамшидидің айтуынша, Хасанпур мен Хива Бутимардың сот үкімін аппеляцияға бере алатын 20 күн уақыты бар. Хабарларға қарағанда, Хасанпур мен Бутимар Курдистан провинциясында шілденің 16-сында сотталған. Журналистердің туыстары олардың қайда екенінен бейхабар болып отырғанын айтады. Журналистер құқын қорғайтын “Шекарасыз репортерлер” ұйымы бұл оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Сот өкілдері екі журналист Иран Ислам Республикасына қарсы қарулы күреске қатысты деп отыр.
XS
SM
MD
LG