Accessibility links

Талибандар берген ақырғы мерзім аяқталғаннан бері солтүстік кореялық тұтқындар туралы хабар жоқ


Талибандардың тұтқындағы оңтүстік кореялықтарға айырбас ретінде түрмедегі сегіз тәліпті босатуға берген мерзімі аяқталды. Тұтқындағы 21 кореялықтың тағдыры туралы еш хабар жоқ. Ауған үкіметі талибандардың талабын орындаудан бас тартып, ол басқа да адам ұрлау жағдайларына жол береді деді. Шілденің 19-да Талибандар басым бөлігі әйел адамнан құралған Христинадық көмек көрсету тобының оңтүстік кореялық 23 өкілін кепілдікке алған болатын. Содан бері тұтқындағы екі адам өлтірілді. Оңтүстік Корея үкіметі Ауған ресмилерін дағдарысты шешуде икемді болуға шақырған.
XS
SM
MD
LG