Оңтүстік Кореяның бір топ заңшығарушысы Ауғанстанда тәліптердің тұтқынында отырған кореялықтарды құтқару мақсатында келіссөз жүргізуге АҚШ-тың көмегін сұрау үшін бүгін Вашингтонға аттанды. Талибандықтар шілденің 19-ы күні 23 Оңтүстік Корея азаматын ұрлап әкеткен болатын. Содан бері кепілдіктегі екі кореялық азамат өлтірілді. Талибан қозғалысы Ауған үкіметінен түрмедегі 8 талибан соғысушысын босатуды талап етуде. Бірақ Ауған үкіметі олардың талабын орындамаймыз дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?