Accessibility links

Хельманд провинциясында АҚШ бастаған күштердің әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза болғаны туралы айтылуда


Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясындағы АҚШ бастаған күштердің әуе шабуылынан бейбіт тұрғындардар зардап шеккені туралы айтылуда. Жергілікті полиция басшысы онда 20 адам жараланды десе, бейсенбі күнгі әуе шабуылдарына куә болғандар «Азаттық» радиосына айтқанында, Бағран ауданындағы ғибадатханаға бомба тасталғанда ондаған бейбіт тұрғын қаза болды деп отыр. Одақтас күштері өздерінің әуе шабуылдары бұл аймақта қарапайым ауғандықтардың жоқ екені анықталған соң, Талибандардың қолбасшыларын нысанға алып шабуылдағандарын айтуда.
XS
SM
MD
LG