Accessibility links

Беларус орыс газына берешегін төлей бастады


Ресей мемлекеттік монополиялық "Газпром" компаниясы Беларус газ қарызын өтей бастады, газ тасымалын қысқартуды кейінге қалдырамыз деді. Беларус 190 миллион доллар қарызын төледі. Жалпы Беларус Ресейге 460 миллион доллар берешек. "Газпром" компаниясы қарыз үшінші тамызға дейін өтелмесе газ тасымалының жартысына жуығын тоқтатамыз деп шарт қойған. "Газпром" компаниясы енді Беларус қалған ақшасын бір апта ішінде төлесін, әйтпесе газ тасымалын 30 пайызға қысқартамыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG