Молдоваға қыдырып барып, жас балалармен жыныстық қатынас құрған америкалық азамат өз елінде сотталып жатыр, айыпты деп табылды. Ол кәмелетке толмаған балаларға ақша беріп, секс жасаған деп танылды. Істі Филадельфия қаласының алқа соты қарады, құрбан болған балалар куәлік жасау үшін Америка Құрама Штаттарына шақырылды. Жалпы, Америка Құрама Штаттарында елуден астам осындай іс қаралып жатыр. Кейбіреулер өзге елдерде қылмыс жасағандарды Америка Құрама Штаттарында тергеу қаншалықты орынды деп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV