Ирақта 14-жасар қызды зорлап, өлтірген, сосын оның отбасын өлтірген деп танылған америкалық сарбаз Джесси Спилман 110 жыл түрмеге кесілді. Қылмыс былтыр наурыз айында Махмұдия қаласында жасалды. Істі Форт Кембелл қаласында АҚШ әскери алқасы қарады. Үкім төртінші тамызда шығарылды. Іс бойынша тағы үш америкалық сарбаз айыпты деп табылды, тағы бір сарбаздың ісі сотта әлі қаралуға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?