Қырғызстан билік орындары бұрынғы президент Асқар Ақаевтың қызына ресми түрде айып тағып отыр. Бермет Ақаеваға “сәуір айындағы шешімін өзгертсін деп сотқа қысым жасады” деген айыптар тағылған. Сот шешіміне сәйкес, Бермет Ақаеваның қосымша сайлауларда парламентке тусуіне тиым салынған болатын. Ақаева “Азаттық” радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар екенін айтты. Егер ол айыпты деп табылса, 2-жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ақаеваның айтуынша, сотқа тартылып отырған оның екі қолдаушысы да 10-жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қытай-Ресей қатынасы
АҚШ-ты алаңдатқан сапар. Си Цзиньпин Мәскеуге не үшін бара жатыр?
-
Кезектен тыс сайлау
Журналистерге көрінбей дауыс берген Тоқаев, тілшілер сұрағынан қашқан Назарбаев
AzattyqTV