КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігінде тәліптердің жасағы халықаралық күштердің базасына шабуыл жасады. Халықаралық күштер басшылығының хабарлауынша, екі жақты атыстың нәтижесінде 20-ға жуық тәліп оққа ұшты. Кандагар облысында тәліптер полицияның күзет постына шабуыл жасап, жергілікті биліктің хабарлауынша, 6 полицей мен 15 тәліп оққа ұшты. Урузган облысында тәліптермен арада болған қақтығыста Ауғанстанның үкімет армиясының 2 жауынгері және кездейсоқ жүрген 2 қыз бала жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV