Accessibility links

Түркіменстанның бұрынғы ауыл шаруашылық министрі қамауға алынған


Хабарларға қарағанда, Түркіменстанның бұрынғы ауылшаруашылық министрі Пайзыгелді Мередов Ашхабадта қамауға алынды. 1994 жылы ауылшаруашылық министрі қызметінде болған Мередовты мақта-мата өнеркәсібінде сыбайлас жемқорлық пен қаржылық алаяқтық жасады деген айыппен орнынан алынған. Ол Түркіменстандағы ең бай адамның бірі екені айтылады. Деректерге сүйенсек, оның кәсіпкер баласы Батыр Мередовті де қамап қойған. Бұл ақпарат әлі ресми түрде нақтыланған жоқ.
XS
SM
MD
LG