Accessibility links

Қазақстан-Әзірбайжан мұнай компаниялары ортақ жобаға қол қойды


Бүгін Қазақстан мен Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниялары Каспий мұнайын тасымалдау жобасын бірлесе жүзеге асыру жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл жобаға Қазақстан аймағындағы Каспий жағалауының мұнай терминалы, мұнай танкерлері мен Әзірбайжандағы мұнай жүктеу терминалдары және осы жабдықтардың Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына келіп қосылу жолдары кіреді. Бұл құжатқа Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтің Астанаға сапары барысында қол қойылды. Бүгін сонымен қатар Қазақстанға Иордания патшасы ресми сапармен барады.
XS
SM
MD
LG