Accessibility links

АҚШ шенеунектерінің сөздері Пәкістан үкіметі мен қоғамын қатты алаңдатады


ИСЛАМАБАД: Пәкістан президенті Первез Мушарраф елге “сырттан және іштен төнген қатердің салдарынан” елде төтенше жағдай жариялауы мүмкін. Ол жайында кеше Пәкістанның сыртқы істер министрі Тарик Әзим хабарлады. Оған көп себептің бірі ретінде Ауғанстанмен арадағы шекара аумағындағы ахуалдың күрт нашарлауы және ислам экстремистерінің белсенді әрекетке көшуі аталды. Оған қоса Т.Әзим Пәкістан жеріндегі содырлардың базаларына соққы берілуі мүмкін екенін айтқан АҚШ шенеунектерінің таяудағы сөздерін мысалға келтірді. Министрдің айтуынша, міне осы сөздер Пәкістан үкіметі мен қоғамын дүрліктірді.
XS
SM
MD
LG