Accessibility links

Ауғанстанда Оңтүстік Корея өкілдері мен тәліптер бетпе-бет кездесетін жер туралы келісуге жақын


КАБУЛ: Оңтүстік Корея Ауғанстандағы қайырымдылық ұйымдарын 1 айдың ішінде алып кетеді. Ол туралы ауған теледидары хабарлады. Ауғанстанның “Толо” телеанасын нұсқаған Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлағандай, бұл шара 21 азаматын Талибанның тұтқынынан босату үшін істелмекші. Онымен қарама-қатар әлгі тұтқындарды босату шаралары әлі жалғасуда. Хабарға қарағанда, Оңтүстік Корея өкілдері мен тәліптер бетпе-бет кездесетін жер туралы келісуге жақын тұр. Тәліптер кәрістерді 19-ыншы шілдеден бері тұтқында ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG