МӘСКЕУ: Ресейдегі “РуссНефть” компаниясының барлық 100 пайыз акциясы тұтқындалды. Оған Ресейдің ішкі істер министрлігі құрамындағы Тергеу комитетінің сұрауы бойынша Мәскеудің Лефортово соты нұсқау берді. “РуссНефть”-тің президенті Михаил Гуцериевке қарсы қылмыстық іс қозғалып, оған “заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты” және “салық төлеуден жалтарды” деген күдік түсіп отыр. “РуссНефть” холдингісінің құрамына мұнай өндіретін 30-ға жуық компания, мұнай өңдейтін зауыттар, көлік кәсіпорындары және жанармай стансаларының желісі кіреді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты