Accessibility links

АҚШ-тың “Эндевор” кемесі арада 5 жыл өткенде ғана ғарышқа ұшырылды


КАНАВЕРАЛ МҮЙІСІ, АҚШ: Бүгін түнде Американың “Эндевор” ғарыш кемесі Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарыш алаңынан бос кеңістікке қарай ұшты. Шаттл кемесі жер төңірегіндегі халықаралық ғарыш бекетіне аттанды. Бұл “Эндевор”-дың соңғы 5 жылдағы бірінші ұшуы болды. Шаттлдың ішінде 7 ғарышкер, оның ішінде мектептің бұрынғы мұғалімі Барбара Морган бар. 1986-ншы жылы ол “Челленджер” ғарыш кемесінің жарылысынан құрбан болған 7 астронавтың қатарындағы Криста МакОлиффтің дублері болатын.
XS
SM
MD
LG