Accessibility links

Грузия үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін дереу шақыруды өтінбекші


ТБИЛИСИ: Ресми Тбилисидің қолында 6-ншы тамыз күні Ресейдің 2 соғыс ұшағы Грузияның әуе кеңістігін бұзғанын дәлелдейтін айғақтар бар. Ол туралы журналистерге сәрсенбі күні Грузияның сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, бітім күштерінің өкілдері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары әлгі 2 ұшақтың Грузияға солтүстіктен ұшып кіріп, сол бағытта қайтып ұшып кеткенін растады. Міне осыған байланысты, деп мәлімдеді Г.Бежуашвили, Грузия БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін дереу шақыруды өтінбекші.
XS
SM
MD
LG