Accessibility links

Түркімен президенті жыл сайын бірнеше дүркін рақымшылық жасайтын болды


АШХАБАД: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов осы күні көп жылдық жазасын түрмеде өтеп жатқан бір топ кісіге рақымшылық жасады және осы кезден бастап жыл сайын бірнеше рет рақымшылық жариялайтынын мәлімдеді. Ол жайында бейсенбі күні түркімен теледидары хабарлады. Хабарға қарағанда, бұл жолы 11 адамға, оның ішінде 2002-нші жылдың қарашасында С.Ниязовқа қарсы сәтсіз жасалған қастандықтан кейін, 2004-інші жылғы жабық сот процесінде 22 жылға кесілген дін қайраткері Насрулла ибн Ибадулла да бар. Ол “сатқындық істеді” деген айып бойынша сотталды.
XS
SM
MD
LG