Республикадағы барлық қозғалмайтын мүлікті тескеру барысында бір жарым миллионға жуық қозғалмайтын мүлік нысандары мүлде тіркеуде тұрмағандығы анықталды. Оның 450 мыңға жуығы, яғни үштен бір бөлігі тұрғын үйлер категориясына жатқызылды. Астана тұрғыны Асылбек Аханов Алматы көшесіндегі 32/а мекен жайындағы үйін заңдастыра алмай жүрген жандардың бірі болатын:
- Атамнан қалған үйғой. Бірақ бұрыңғы құжатпен сызылған. Қайтадан қосылған бөлмелер заңдастырылмаған.
Әділет министрінің міндетін атқарушы Дулат Құсдәулетовтың айтуынша мүлікті заңдастыру жөніндегі рақымшылық заңның әлеуметтік маңызы көп болды. Бұл заңсыз құрылыс жасап жатқан жер үй иелеріне қолайлы деп хабарланған. Ал, оппозиция өкілдерінің айтуынша бұл шара қарапайым халыққа емес қалталы адамдарға қолайлы болды. Әділет министрлігінің тіркеу комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев бұл пікірмен келіспеймін, дейді:
- 70 пайыз жария етілген мүлік ауылды жерге түсіп отыр. Ондағы үйлер, кепе, сарайлар, техника барлығы. Сондықтан оппозицияның айтып отырғаны дұрыс емес. Енді арасында жағдайы бар адамдарда жасады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше қазақстандықтарға қозғалмайтын мүліктің сыртында қозғалатын мүлікті яғни, көлікпен ауыл шаруашылық техниканы және құнды қағаздарды, қаражатты заңдастыруға рұқсат етілді. Ал, Әділет министрлігінің мәліметінше тұрғындар көп жағдайда өз мүлкіне тым аз құжат ұсынды, соның кесірінен біршама тұрғындардың заңдастыруға берген өтініштері қанағаттандырылмай қалған, дейді Әділет министрлігінің тіркеу комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев:
- 98444 арыз бойынша мүлікті заңдастырудан бас тартылды. Ал өз мүмкіншілігін пайдаланбаған адамдар, 13 ай бойы мүлікті жария ету акциясы жүріп отырды, енді ол кісілер өзіне қапа болу керек деп есептеймін.
Тұрғындар тек үй құнының 10 пайызын мемлекетке төлеуі тиіс, деген ақпарат таратылды. Ресми мәлімет бойынша мүгедектер, көп балалы аналар және үйлерінен табыс таппайтын елді мекен тұрғындары бұл төлемнен босатылған. Бірақ, Қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметовтың айтуынша мүлкін заңдастырмаған адамдар мүлік салығын, сол салықты кешіктіргені үшін салынатын айыпты және мүлкін заңдастырмағаны үшін салынатын 50 пайыз көлеміндегі айыпты төлеуге тиіс болады.
Ал мүлкін заңдастырған адамдар жауапкершіліктен босатылады. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша бұл шараның басты мақсаты көлеңкедегі мүлікті заңды салаға түсіру. Еске салсақ, бір жыл бұрын осы рақымшылық акциясы басталар кезде бюджетке 20 миллион долларға жуық қаржы түседі деп болжамданған. Ал, Қаржы министрлігінің салық саясаты жөніндегі департамент директоры Вера Конюхтың айтуынша Қазақстан тәуелсіздік алғалы шетелге шыққан капиталды есептеп оның 10 пайызын санасақ бұл саусақпен аспанды шұқығандай боламыз, сондықтан біз ақшаны санамадық, дейді ол.
Ал, Әділет министрінің міндетін атқарушы Дулат Құсдәулетовтың айтуынша биылғы шара нәтижесі 2001 жылғы ақшаны заңдастыру кезіндегі көрсеткіштен әлдеқайда жақсы:
- 2001 жылы өткізілген ақшаны заңдастыру нәтижесінде 480 миллион доллар жария етілген, ал қазір 483 миллион доллар бюджетке түсіп отыр. Заңдастырылған мүлік құны 4 миллиард 355 миллон долларды құрады.
Мүлікті заңдастыру шарасының соңғы мерзіміне дейін өтініштерін беріп үлгіргендердің істері 16 тамызға дейін комиссиялармен қаралады деп хабарланып отыр.