Accessibility links

Халықаралық топ Косово мәртебесі жайында келіссөздерін жалғастырады


Халықаралық ара-ағайындық жасап жүрген елшілер бүгін Косово мәртебесі жайында келіссөздерін одан ары жалғастырады. Келіссөз кеше басталды. АҚШ, Еуропа Одағы және Ресейдің елшілері кеше Белград қаласында Сербия басшыларымен кездесті. Елшілер бүгін Приштина қаласына барып, Косоводағы албандардың басшыларымен сөйлеседі. Косовоның албан басшылары провинцияға толық тәуелсіздік берілсін деп келеді. Сербия басшылары бұған қарсы, Косовоға кеңірек автономия берілсе жеткілікті дейді.
XS
SM
MD
LG