Accessibility links

Михаил Саакашвили Владимир Путинмен кездескісі келеді


Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресеймен арадағы қатынасты жұмсартуға ынталымын, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескім келеді деді. Михаил Саакашвили бұл сөзін теледидар арқылы тікелей толқында айтты. Грузия мен Ресей арасында дүйсенбі күні тағы араздық болды. Грузия үкіметі Ресей қырғи ұшақтары еліміздің кеңістігіне кіріп кетті, Гори аймағында зымыран атты, зымыран жерге түсіп, жарылмай қалды деп жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG