"Талибан" ұйымының өкілдері Оңтүстік Кореяның ресми адамдарымен кездесіп, кепілдікке түскен азаматтардың мәселесін сөйлесіп жатыр. 21 оңтүстік-кореялық азамат Ауғанстанда осыдан үш аптадан астам бұрын ұрланып кетті. Келіссөз Ғазни провинциясында өтіп жатыр деген мәлімет бар. "Талибан" өкілі Қары Мұхамед Юсуф Ауғанстан үкіметі сөйлесуге келген талибаншылардың қауіпсіздігіне кепіл берді, келіссөз өтіп жатқан мезгілде тұтқындарға да қауіп жоқ деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сталинизм құрбандары
"Халқым үшін қаралы күн". Балқар халқы 8 наурызды неге тойламайды?
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV