Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирақ мәселелеріне кеңірек араласатын болды


Ұйымның Қауіпсіздік кеңесі бұл жайындағы қаулыны кеше бірауыздан қабылдады. Ұйымның бас хатшысы Бан Ки Мун Ирақ халқына көмектесу мүмкіншілігіміз ұлғаяды деді. Ирақ үкіметінен өтініш түссе Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің этникалық және діни топтарының арасында келіссөз ұйымдастыруға құзырлы болды. Қауіпсіздік, энергетика және босқындар мәселелерінде де ұйым өкілеттігі кеңейді.
XS
SM
MD
LG