Accessibility links

Ю.Тимошенко бастаған блоктің өкілдері Киевте наразалық акциясын өткізуде


КИЕВ: Киевте Орталық сайлау комиссиясының төңірегінде оппозиция лидері Ю.Тимошенконы қолдайтындардың наразылық шарасы өтіп жатыр. Осы алаңда Ю.Тимошенко бастаған блоктің белгісі бар ондаған шатыр бой көтерді. Тимошенконың үзеңгілестері саяси блоктің сайлау тізімін тіркеуден бас тартқан Орталық сайлау комиссиясының шешімін бұзуды талап етуде. Президент В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина-Народная самооборона” қозғалысы да сондай талап қойып отыр. Орталық сайлау комиссиясының билік басындағы коалицияға жататын мүшелерінің бір тобы Ю.Тимошенконы комиссияға ауыр қысым көрсетіп жатыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG