Accessibility links

Неврологтар музыканың миға қалай әсер ететінін зерттеуде


Стэнфорд университетінің невролог ғалымдары музыканың миға қалай әсер ететіні туралы бірқатар жаңа идеяны зерттеу үстінде. Ол идеяға сәйкес, музыка мидың назар аудару қабылетін күрт арттырады да, өз кезегінде, мидың осы қабылетінің қалай дамығанын түсіндіріп беруі мүмкін.

Стэнфорд университеті ғалымдарының тобы зерттеуге өз еркімен келіскен адамдардың ойлау қабылатын зерттеу үшін таспаға жазылған музыканы пайдаланды. Оларға “барокко” дәуірінің композиторы Уильям Бойстың туындысын тыңдатты. Зерттеушілер бірнеше жеке-жеке бөлімнен тұратын шығарманы таңдап алды. Ғалымдар адамның миын музыканы тыңдап отырған сәтте және музыка үзіліп қалған сәтте бақылағысы келіп, олар онша жақсы таныс емес У.Бойстың 8-інші симфониясын таңдап алды.

Ғалымдар музыка мидың назар аударатын және болжай білетін бөлігіне әсер ететініне көз жеткізді. Зерттеушілер музыка тоқтап қалғанда мидың өте белсенді жұмыс істей бастайтынын байқап аң-таң болды. Зерттеуге сәйкес, музыканттар да, музыкант еместер де санасының түбінде келесі сәтте нені тыңдайтынын күтіп отырады.

Невролог ғалымдармен қоян-қолтық жұмыс істеген музыка профессоры Джонатан Бергердің (Jonathan Berger) пайымдауынша, зерттеу жақсы музыканың қалайша мидың келесі сәтте не болатынын болжап күтіп, соған әзір тұратын қабылетін оятуының бір сырын ғана ашып берді. Бірақ Бергер музыканың қайдан шыққанын болжаған жалғыз ғалым емес. Чарльз Дарвин тілі дамымаған ежелгі жабайы адамдар бір-бірімен табысу үшін музыкалық дыбыстарды пайдаланды деп мәлімдеген болатын. Кейін археолог ғалым Чарльз Митен (Charles Mithen) 2006-ншы жылы өзінің “Ән салған Неандертальдықтар: музыканың, тілдің және дененің шығуы” атты кітабында Ч.Дарвиннің осы мәлімдемесіне жан-жақты тоқталып өтті. Оның пікірі бойынша да, музыка ежелгі адамдардың бір-бірімен табысуына ғана емес, бір-бірін жұбатуға да көмек болды. Анасы өзінің сәбиін баяу әнмен жұбатса, үлкен топтар әлеуметтік ынтымақтастығын нығайту үшін дауыстап ән салды, айқайлады. Әрине, Ч.Дарвин де, Ч.Митен де осы ойларын тасқа айналған заттардан, сүйектерден алды.
XS
SM
MD
LG