КИЕВ: Бүгін Киевте сот Ю.Тимошенко блогінің Орталық сайлау комиссиясына қарсы жазған арызын қарайды. Ол туралы саяси блоктің өкілі хабарлады. Оппозициялық блок Орталық сайлау комиссиясынан алдағы парламент сайлауына қатысу үшін өзінің партиялық тізімін тіркеуді талап етеді. Өткен аптада сайлау комиссиясындағы билік басындағы партияның өкілдері Тимошенко блоігінің берген құжаттары дұрыс рәсімделмеген деп мәлімдеген болатын. Ю.Тимошенко сайлау комиссиясының әрекетін “саяси тапсырыс” деп бағалады.