Accessibility links

Тәліптер тұтқындағы оңтүстіккореялық 23 азаматтың екеуін өлтіріп, екеуін босатты


КАБУЛ: Ауғанстандағы Талибан жасақтары 19-ыншы шілдеден бері кепілдікте отырған оңтүстіккореялық 2 әйелді босатты. Олар сырқаттанып қалған көрінеді. Газни облысындағы тайпаның көсемі 2 әйелді тәліптерден босатып алып, Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдеріне тапсырды. Талибанның өкілі 2 әйелді өз ықыластарымен босатқандарын мәлімдеді. Тәліптердің тұтқынында Оңтүстік Кореяның әлі 19 азаматы отыр. Олардың екеуін тәліптер өлтіріп үлгерді.
XS
SM
MD
LG