Қазақстанға бірінші ресми сапармен келген Моңғолия президентімен өткен келіссөздерден кейін әдеттегідей екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. Бірақ бұл жолы екі ел арасындағы импорт-экспорт көрсеткіштері басқаларынан өзгеше болды. Президент Назарбаевтың айтуынша, Моңғолияда өндірілетін пайдалы қазбаларды Қазақстанда өңдеуге болады. Екіншіден, «Қазақстан банктерінің Моңғолиядағы бөлімдері ашылса Қазақстан инвестициясы сол кен орындарын игеруге жұмсалар еді. Бұл жерде Қазақстанның инвесторларды шақыру үшін жасаған жеңілдіктерін зерттеуге болады. Осы жылдар ішінде Қазақстан қарызбен несиенің сыртында шет елдік 70 миллиард тікелей инвестиция алды және ішкі капитал 80 миллиард доллар инвестиция берді», деді Назарбаев.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2006 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 67 миллион доллар болған. Қазақстан президенті Назарбаев айтқандай, тіпті Кеңес билігі кезінде сауда көп болатын. «Қазақстанға көп көлемде мал келіп өңделетін», деді ол. Қазақстан президенті Назарбаев айтқандай, Қазақстан Моңғолияға астықпен мұнай өнімдерін тасымалдауды ұлғайтады, Моңғолияда мұнай жоқ, оны ол Ресейден алып отыр. Ал, Моңғолия президенті Намбарын Энхбаярдың айтуынша, Моңғолияға шикі мұнай мен астық жеткізуге және Моңғолиядан Қазақстанға ет және басқада ауыл шаруашылық өнімін жеткізуге келісім жасалды.
Моңғолия түсті және асыл металдарға көмірге бай, Қазақстан компаниялары бұл жұмысқа қызығушылық білдіреді, деді президент Назарбаев. Бірақ, саудаға кедергі болып тұрған мәселе көлік жолы екенін айтты:
- Біз Шығыс Қазақстанда Ресейге дейін автожол салдық, ал әрмен қарай Ресей арқылы Моңғол шекарасына дейінгі жол 46 шақырым жолды салу үшін Ресеймен үш жақты келіссөздер жүргіземіз.
Моңғолия президенті Намбарын Энхбаяр қандай салаға қазақстандық инвестицияны құюға болады деген журналистердің сұрағына бірінші кезекте таукенөндірісі сосын инфрақұрылым, ауыл-шаруашылығы, үй-қала салу деп жауап берді.
Тағы бір мәселе Моңғолияда тұратын 90 мың қазаққа байланысты.
«Моңғолиядағы қазақтардың екі азаматтық мәселесін шешуді талқыладық, Моңғолиядағыдай Қазақстандада екі азаматтық алуға рұқсат етілмейді. Тұрғындар таңдауы керек», деді президент Назарбаев. Моңғолиядағы Баянөлгей аймағының губернаторы міндетін атқарушы Баян Хызтаубайдың айтуынша, Қазақстан президенті Назарбаевпен өткен келіссөздерден кейін көптеген мәселе шешіледі, деген уәде берілді:
- Армандаған мәселенің біреуі төте жол болатын, келешекте шешеміз деген қуаныш. Екіншіден, Баянөлгей аймағында Қазақстанның мәдениет орталығын орнату туралы сөйлесілді. Үшіншіден, жылына бізден 300-400 бала Қазақстанда оқып жатыр.
Ресми мәлімет бойынша былтыр Қазақстан Моңғолияға 3,7 миллион доллар инвестиция салды.