Accessibility links

Абдұлла Гүл президент сайлауына тамыз айында қайта түседі


Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл президент сайлауына тамыз айында қайта түсемін деп мәлімдеді. Түркияны билеп отырған "Әділет және өркендеу" партиясының Абдұлла Гүлді қайта ұсынуы елдің зайырлы бағыттағы саясаткерлерінің қатты сынына тап болды, олар Абдұлла Гүл тым діншіл дейді. Абдұлла Гүлдің кандидатурасы президентікке мамыр айында қаралғанда, парламентте өте алмай қалды. Түркия парламенті таратылып, қайта сайланып еді, "Әділет және өркендеу" партиясының көпшілік үлес салмағы өсе түсті.
XS
SM
MD
LG