Талибандарда кепілдік тұтқынында болған екі кореялық әйелдің жағдайлары жақсы, олар қазір дәрігерлік тексеруден өткізілуде деп хабарланды. Кабулдағы Оңтүстік Корея елшілігі ол әйелдердің жақын күндері елдеріне жіберілетіндігін айтты. Кореялық әйелдер 19 шілде күні тәліптер ұрлаған 23 оңтүстік кореялық гуманитарлық көмек қызметкерлері арасында болған. Тұтқындардың екеуі өлтірілген. Талибан мен Оңтүстік Корея дипломаттары келіссөздерді жалғастыруда.