Accessibility links

Перудегі зілзаладан 340-қа жуық адам қаза болып, 800-дейі жараланды


ЛИМА: Перудегі жер сілкінісі құрбандарының саны, соңғы ақпар бойынша, 340-қа жетіп, тағы 800-дей адам жапа шекті. Ол туралы Перудің денсаулық қорғау министрі Карлос Вальехас хабарлады. Қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 балға дейін жеткен зілзаланың кіндігі Перу жағалауында, ел астанасы – Лиманың іргесінде болды. Лима мен тағы басқа қалаларда баспана-ғимараттар қирап, лай көшкінін туғызды. Шенеунектер ахуалды “өте ауыр” деп сипаттайды. Зілзаладан жапа шеккен аудандарға дәрігерлік және тағы басқа көмек жұмылдырылды.
XS
SM
MD
LG