ЛОНДОН: Ұлыбританияның Ауғанстандағы миссиясы – осы елдегі тұрақтылықты нығайтудың “бетбұрыс сәті” болды. - “Guardian” газетіне берген сұхбатында ағылшын қорғаныс министрі Дес Браун осылай деп мәлімдейді. Бүгін шыққан сұхбатында министр Ауғанстанның оңтүстігінде британ әскерінің жете алған жетістігіне өзінің “шынымен аң-таң болғанын” айтады. Сонымен қатар Д.Браун Иранның “Талибан” қозғалысын қарумен жарақтағанын дәлелдейтін айғақтар бар деп мәлімдеді. Оны ресми Теһран теріске шығарып келеді. Д.Браун қару-жарақтың Ауғанстанға есірткінің жолымен келіп жатқанын айтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы