Accessibility links

ШЫҰ-на мүше елдер Ресейдің оңтүстігінде әскери жаттығуларын өткізуде


Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің күштері Ресейдің оңтүстігіндегі Қазақстанмен шекаралас Орал тауларында әскери жаттығуларын өткізуде. Ол шараға ондаған соғыс ұшақтарымен, жүздеген бронды көліктер және 6 мыңдай жасақ қатысып жатыр.Ондағы соғыс ойындарында террористер энергия көздеріне бақылауды алмақшы болады деп ойдан құрастырылып, нысанаға алынған жерлерге шабуыл жасалады. Жаттығуларға қатысып жатқандардың ең көбі Ресей мен Қытайдан, қалғаны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің президенттері Бішкектегі саммиттерінен кейін осы әскери жаттығуларды көруге келді.
XS
SM
MD
LG