Бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеген. Президент осындай бомбалаушы 14 ұшақтың Ресейден тыс аймақтарға тұрақты бақылауға жіберілгендігін айтқан. ИТАР-ТАСС-тың Ресей әуе күштерінің өкіліне сілтеме жасап хабарлауына қарағанда, аталған ұшақтар Атланта мен Тынық мұхит, арктикалық мұхиттардың үстінен ұшып өткен. Ол НАТО-ның реактивті ұшақтары Ресей ұшақтарына ілесіп ұшып отырды деп айтқан. Путин 15 жыл бойына мұндай ұшақтардың пайдаланылмай келуі - Ресейдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деп атап көрсеткен. Ал кейбір елдер болса мұндай әуе күштерінен ешқашан бас тартқан емес деді ол.