Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстанда өткен сайлауға өз бағасын берді


Астанада тамыздың 19 күні баспасөз өкілдерін өздері әзірлеген қортындымен таныстырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының жетекшісі Любомир Копай Қазақстанда осы жолғы сайлауда атап өтерлік игілікті іс-шаралармен бірге, халықаралық сайлау талаптарына сай келмейтін жайттардың болғанын айтты. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бақылаушылары, сайлау әділ және еркін өтті дейді.

Жексенбі күні Астанада журналистер алдында, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының жетекшісі Любомир Копай:

«Мен парламенті тек 1 партия мүшелерінен құралған бірде бір демократиялық ел көрмедім», - деп мәлімдеді.

Копай бұл жолғы сайлау кезінде Қазақстан қабылдаған Еуростандарттардың ішінде заң базасы және дауыстарды есептеудің талаптары сақталмағанын атап өтті. Копайдың айтуынша, ұйым бақылаушыларының 40 пайызы дауыс есептеуді нашар деп бағалаған.

«Қолданыстағы заңдардағы шектеу нормалары сайланған өкілдердің сайлаушы алдында есеп беруін азайтады», - деді ол.

Бұл нормалардың ішінде парламентке өту үшін қойылған биік шек бар, дейді Копай. Және ол Қазақстанда биылғы қабылданған жаңа заң өзгерісіне сәйкес Мәжілістегі 107 депуттатың 9-ы сайланбай, тағайындалып қойылатынын халықаралық сайлау талаптарына сай еместігін айтты. Ал Еуропалық парламент ассамблеясының бақылаушылары бұл сайлауда демократиялық эволюция бар, бірақ ол болашаққа жасалған аванс деген пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, бірде бір елде кемшіліксіз сайлау өтпеген. Бастысы, бұл сайлау бұған дейінгі сайлаулардан жақсы, дейді ассамблея өкілдері.

«Бір партиялық парламент проблема емес, бастысы - жалғыз пікір болмағаны жөн. ...Әзірге айғақтар жоқ кезде жылдам тұжырым жасамайық, сайлауда бір партия 88 пайыз жинауы әбден мүмкін», - дейді олар.
XS
SM
MD
LG