ЛИМА: Перу үкіметі жаппай ұрлық пен тонауға жол бермеу мақсатымен жер сілкінісінен жапа шеккендер аудандарға әскери бөлімдерін жолдады. Перу президенті Алан Гарсия кез-келген жолмен “тәртіп орнатуды” талап етті. Көрші елдерден және АҚШ пен Еуроодақтан келіп жатқан қайырымдылық көмегінің кешігіп жеткізілуі - жапа шеккен халықтың ащы наразылығын туғызған себептің бірі болды. 15-інші тамыздағы зілзаланың салдарынан ресми мәлімет бойынша 500-ден адам қырылып, 1.5 мыңдай жұрт жараланды, мыңдаған халық баспанасыз қалды.