КАБУЛ: Бүгін Ауғанстанның оңтүстігінде тәліптер НАТО-ның автокеруенін атқылап, НАТО-ның 1 жауынгері қаза тапты. Оңтүстіктегі Гильменд облысында ауған қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері жанпидашыл-террористің қастандығынан мерт болып, тағы үшеуі жараланды. Сонымен қатар Ауғанстанда Германиядан келген қайырымдылық ұйымының сенбі күні Кабулда ұрланған қызметкер әйелін іздестіру шарасы жалғасуда. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, әйелді тәліптер емес, қылмыстық топтың мүшелері ұрласа керек. Олар әзірше ешқандай талап қойған жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты