Accessibility links

Қазақстанның 2009-ыншы жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болып сайлануы екіталай


АСТАНА: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылау миссиясы Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауына “халықаралық стандарттарға лайық емес” деген баға берді. Халықаралық бақылаушылар миссиясының жетекшісі, Канадалық сенатор Ди Нино бүгін Астанада өткізген баспасөз-маслихатында: “Сайлау учаскелері жабылысымен, түрлі аймақтан түсіп жатқан бюллетеньдердің қалай есептелгенін бақылау өте қиын болды. Дауыс берудің барысы туралы хабарлардың 40 пайыздан астамы теріс. Бұл – сайлауға толық оң баға беруге өзінің қара көлеңкесін түсіреді”, - деп мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы 88 пайыздан астам дауыспен жеңіске жетіп, басқа бір партия да 7 пайыздық межеден өте алмады. Алайда, оппозициядағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлаудың өзін “барып тұрған көз бояушылық” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG