Accessibility links

МАГАТЭ мен Иран басшылығы арасындағы келіссөздің 3-інші сатысы өтеді


ТЕҺРАН: Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздің үшінші сатысын өткізу үшін халықаралық МАГАТЭ агенттігінің делегациясы Теһранға келді. Бас директордың орынбасары Олли Хейнонен бастаған делегация Иран шенектерімен 2 күн бойы келіссөз жүргізеді. МАГАТЭ өзінің ядролық бағдарламасы бойынша барлық ақпарды беру және өзінің ядролық нысандарын халықаралық инспекторлардың еркін тексеруіне мүмкіндік туғызуы жөнінде ресми Теһранның кепілдігін алуға тырысады. Батыс елдері Ираннан ядролық қару шығаруға ұмтылады деп күдіктенеді де, Теһран оны теріске шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG