Accessibility links

Қазақстан халқының Ассамблеясынан парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланды


АСТАНА: Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 13-інші сессиясында парламент мәжілісінің 9 депутаты сайланды. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұханов мәлімдегендей, 364 сайлаушының 337-сі дауыс беру бюллетенін алып, олардың 50 пайыздан астамы депутаттыққа ұсынылған үміткерлерді қолдап шықты. Нәтижесінде Қазақстан халқының Ассамблеясынан ұйғыр, украин, неміс, орыс, беларусь, қазақ, өзбек, балқар және кәріс сынды 9 ұлттың өкілі парламент депутаты болып сайланды.
XS
SM
MD
LG