КАБУЛ: Ауғанстанның ұлттық армиясының бас қолбасшысы елдің оңтүстігіндегі Талибан жасақтарына Иранның радиобайланыс маманы көмектесіп жатыр деп мәлімдейді. Дегенмен де “Азат Ауғанстан” Радиосына берген сұхбатында генерал-майор Мухиддин Гори радиобайланыс инженерлерін Ауғанстанның Гильменд өлкесіне “Иран үкіметі жіберді” деп кесіп айтудың қиын екенін атап көрсетті. Ауғанстандағы тәліптерді Иран үкіметі қолдайды” деп АҚШ-тың таққан айыбын ресми Теһран осыған дейін теріске шығарып келді.