ПРИШТИНА: Өткен аптаның соңында Косово өлкесінің батысындағы қатаң күзетілетін түрмеден 7 тұтқын қашып құтылды. НАТО-ның тікұшақтарының көмегіне сүйенген полиция Сербияның осы өлкесін түгел тінту үстінде. Бүгін ресми билік өкілдері хабарлағандай, сенбі күні кешкісін Дубрава түрмесіндегі тұтқындардың күнделікті серуендеуі кезінде қарулы топ күзетке оқ жаудырып, әлгі қашқындар қабырға мен биік қоршаудан қарғып қашқан. Осы жайтқа қатысы бар деген күдікпен түрменің 2 қызметкері мен 2 күзетшісі тұтқындалды.