Accessibility links

Ирақ премьері Сирияда 1 млн.-нан астам босқын халқының тағдырын талқылайды


ДАМАСК: Сириямен арадағы экономикалық ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики бүгін Дамаскіге келді. Сирия президенті Башар Әл-Асадпен сейсенбі күні өтетін және т.б. кездесулерінің барысында Ирақ премьері елдегі қантөгістен қашып, Сирияны паналған 1 млн.-нан астам Ирақ халқының тағдырына назар аудармақшы. Ал бүгін мұнай және ішкі істер министрін бастап келген Әл-Мәлики Сирия премьер-министрі Наджи Әл-Отариямен жүздесуге тиіс. Әл-Мәликидің алдында Сирияға Ирақ президенті Ж.Талабани мен ішкі істер министрі сапарда болған еді.
XS
SM
MD
LG