ТЕҺРАН: Иран полициясы хабарлағандай, елдің оңтүстік-шығысынан содырлар тұтқындап Пәкістанға алып кеткен 12 адамды Пәкістан полициясы босатып алды. Бүгін полицияның өкілі мәлімдегендей, жексенбі күні Систан-Балучестан өлкесіндегі Чабаһар және Ираншахр қалаларын байланыстыратын жолдың бойында кепілдікке түскен 12 кісіні Пәкістан полициясы арнайы операциясының нәтижесінде босатты. Ауғанстан мен Пәкістан шекарасының бойындағы Систан-Балучестан өлкесінде содырлар жиі шабуыл ұйымдастырып тұрады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр