Accessibility links

Диин атты сұрапыл дауылдың қауіптілігі 5-ші дәрежеге жетті


Бұл жөнінде АҚШ ауа райын болжау Ұлттық орталығы айтып отыр. Мексиканың мемлекет меншігіндегі Петролеоус Мексиканос мұнай компаниясы Мексика шығанағындағы өзінің барлық қызметтерін тоқтатты. Диин атты харикейн дауылының жақындауы себепті, ол мұнай бұрғылау кеніштерінен бірнеше мыңдаған жұмысшыларын көшіріп әкетті. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, Диин дауылы Мексиканың Кариб жағалауына сейсенбінің таңында жетуі мүмкін. Ал, Мексика шығанағына жеткенге дейін ол табиғат апаты Якатан түбегіне соқпақшы. Жылдамдығы сағатына 255 километр болған ол құйыннан 8 адам қаза болып отыр.
XS
SM
MD
LG