Accessibility links

Иран және Әзірбайжан президенттері Бакуде кездесті


Махмуд Ахмадинежад пен Илхам Алиев бес келісім-шартқа қол қойды. Олардың қатарында - энергия саласы мен мұнай-химия өндірісінде және су-электр бекеттеріне орай әріптестік келісімшарттары бар. Осы кездесу кезінде екі жақ Әзірбайжандағы Қабала радар базасы жөнінде де сөйлесуі мүмкін, деген еді журналистер. Бұл базаны АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөлігі ретінде пайдалану туралы ұсынысты Ресей жасаған болатын. Ол қорғаныс Иран тарапынан болуы мүмкін зымырандық шабуылдарға АҚШ-тың қарсы тұруы үшін қажет болуда.
XS
SM
MD
LG