Францияның сыртқы істер министрі Бернард Кушненың айтуынша, Құрама Штаттар Ирақ проблемасын жалғыз өзі ғана шеше алмайды. Бұлай деп сыртқы істер министрі сенбі күні күтпеген жерден Бағдадқа барған кезінде айтты деп франция радиосы хабарлап жатыр. Кушне Бағдадта мұнда келу қажет болды дей келе, әрбір адам американдықтардың бұл елдегі қиындықтарды жалғыз шеше алмайтынын біледі деген. Және ол ирақтықтар Франциядан да көмек күтеді деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты