Президент үш күннен бері ормандағы өртпен айқасып жатқан өрт сөндірушілерге қолұшын беріп, тілсіз жауды бақылауды өз қолына алған. Теледидардан берілген көріністе Ющенконың өрт сөндірушілерге көмектесіп жатқан сәті бейнеленген. Президент кеңсесі жариялаған мәлімдемеде президенттің өрттен құтқару шараларын тікелей өз бақылауына алғандығы жазылған. Ющенко Төтенше жағдайлар министрін өртке қарсы күресті ұйымдастыра алмады деп айыптап, оның қызметінен кетуін талап ететіндігін айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV