СИМФЕРОПОЛЬ: Қырымда орманның өртенуінен 2 кісі қаза тапты. Автокөлігінің ішінде өртеніп қаза болған ер адам мен әйел табылды. Өртті сөндіру кезінде Украинаның Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 қызметкері жараланды. Алупка орман шаруашылығындағы өрт жұмадан бері жалғасып, от жалыны 50 гектардай орманды жалмады. Өрттің шығуына орманда адасқан турист себеп болды. Ол құтқарушыларды шақырып, олардың назарын аудару үшін бұталарды өртеген. Қазір ол ұсталып, тергеу басталды.